Әкімдік «Ақтөбе» хоккей клубын қаржыландырудан бас тартты

Әкімдік «Ақтөбе» хоккей клубын қаржыландырудан бас тартты

«Ақтөбе» хоккей клубы енді мемлекет тарапынан қаржыланбайтын болды, деп хабарлайды Prosports.kz 

Бұл туралы Shaiba.kz сайты жазды.

Дереккөздің мәліметінше, «Ақтөбе» осы маусымды аяқтап, әрі қарай лигада өнер көрсетпейді. Редакцияға Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасынан жергілікті хоккей федерациясына ресми хат келіп түскен.

«Ақтөбе облысы мәслихаты сессиясының 2024 жылғы 12 желтоқсандағы № 187 «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешімімен Ақтөбе облысынан ерлер хоккей командасын қаржыландырмау бекітілген. Ал 2024-2025 жылға маусымға облыстық бюджеттен 286 104 038 теңге бөлінген», - делінген аталған хатта.

«Ақтөбе» биыл лигада 34 ойында 35 ұпай жинап, Pro Hokey League турнирлік кестесінде жетінші орында тұр.

Дереккөз: 1bol.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или