Қазақстандық теннисшілер Аустралия ашық чемпионатында қанша табыс тапты?
Жарыстың тоғызыншы күні қазақстандық тоғызыншы теннисші турнирді аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz
Жарыс жолынан шығып қалған қазақстандық теннисшілердің қанша табыс тапқаны белгілі болды.
Елена Рыбакина – 420 000 $ (аустралиялық доллар)(138,55 миллион теңге), өз отандастары арасында ең табысты нәтиже көрсетіп, сәйкесінше ең көп сыйақы алды. Ол 1/8 финалда жарыс жолын аяқтады.
Александр Недовесов – 20 000 $ (6,59 миллион теңге). Ол жұптық сында бақ сынады. Бірақ бірінші айналымнан әрі аса алмады.
Тимофей Скатов, Дмитрий Попко, Михаил Кукушкин – әрқайсысы 35 000 $ (11,54 миллион теңге) Үш қазақстандық теннисші де бірінші айналымда жарыстан шығып қалды.
Александр Бублик, Александр Шевченко – әрқайсысы 152 000 $ (50,14 миллион теңге). Қос теннисші жұптық және жекелей сында да өнер көрсетті.
Юлия Путинцева – 310 000 $ (102,26 миллион теңге). Теннисшіміз Australian Open турнирінде жекелей сында үшінші айналымға дейін жетті.