Канело мен Кроуфорд қай салмақта жекпе-жек өткізетіні мәлім болды
Канело мен Кроуфорд қай салмақта жұдырықтасатыны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz
Жеңіліп көрмеген америкалық боксшы Теренс Кроуфорд (41-0, 31 КО) пен мексикалық Сауль «Канело» Альварес (62-2-2, 39 КО) жекпе-жегі жайлы ақпарат желдей есіп тұр.
ESPN спорт шолушысы Майк Коппинджер хабарлағандай, тараптап келісімге қол қоймаған. Бірақ ауызша уағдаласқан. Шамамен қыркүйек айында болатын Мексиканың Тәуелсіздік күні қарсаңында ұйымдастыруға екі жақ та қарсы емес.
Чемпиондар айқасы екінші жартылай орта салмақта (76,2 келі) өтеді. Келісімде «регидратация» пункті болмайды. Яғни, ресми салмақ өлшеуден кейін боксшылардың салмақ қосуына ешқандай шектеу қойылмайды. Жекпе-жекке дейінгі уақытта қанша салмақ қосса да ерікті екенін көрсетеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или