Махачев пен Рахманов жекпе-жек өткізуі мүмкін

Махачев пен Рахманов жекпе-жек өткізуі мүмкін

UFC-дің жеңіл салмақтағы чемпионы Ислам Махачевтің менеджері Әли Абдель-Азиз өз шәкіртінің алдағы жоспарлары туралы әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

19 қаңтарда Махачев чемпиондық белбеуін сәтті қорғап, бірінші раундта бразилиялық Ренато Мойканоны қылқындыру әдісімен жеңді. Мойкано бұл кездесуге Арман Царукянның жарақатынан кейін қысқа мерзімді ескертумен шыққан еді.

«UFC Исламға мүлдем басқа жоспар дайындады, оның ішінде [Чарльз] Оливейра, Арман [Царукян] немесе Илия [Топурия] жоқ. Бірақ бұл спорттың қандай боларын алдын ала білу мүмкін емес»,– деп жазды Абдель-Азиз Х әлеуметтік желісінде.

Бұған дейін Ислам Махачевтің жартылай орта салмаққа ауысуы мүмкін деген сыбыстар бірнеше рет тараған. Бұл салмақта ол Шавкат Рахмонов пен Белал Мұхаммад арасындағы титулдық кездесудің жеңімпазымен жекпе-жек өткізуі ықтимал. Алайда, дағыстандық спортшы Шавкатпен де, Белалмен де кездесуді қаламайтынын, бірақ олардың арасындағы жекпе-жекті үлкен қызығушылықпен көретінін айтқан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или