Универсиада-2025: 20 қаңтарда ел намысын кімдер қорғайды
Италияның Турин қаласында өтіп жатқан XXXII қысқы Универсиаданың алтыншы жарыс күнінде бүгін, 20 қаңтарда қазақстандық спортшылар биатлон бәсекесінен сынға түседі.
Биатлоннан ерлер арасында 12,5 шақырымға із қуалау жарысында Никита Акимов, Кирилл Бауэр, Владислав Кереев және Ержанат Қуандық медальға таласады.
Ал әйелдер арасында аталған жарыста 10 шақырымға із қуалау сайысында Арина Крюкова, Милана Генева, Айша Ракишева және Алина Скрипкина өз бағын сынайды.
Еске салсақ, Қазақстан құрамасы медальдар жиынтығы бойынша жалпы командалық есепте 8-орында келеді. Ел құрамасының қоржынында әзірге 3 алтын, 4 күміс және 4 қола медаль бар.
Еске салсақ, қазірге дейін қазақстандық спортшылар медальдар кестесінде үш алтын, төрт күміс, үш қола алды. Ел құрамасы қоржынына қос алтынды фристайлшы Анастасия Городко салса, биатлоннан 10 шақырымдық спринт жарысында Никита Акимов та жеңіс тұғырына көтерілді.
Ал Аяулым Әмренова мен Антон Бондарев (екеуі де фристайл жұптық-могул) және Денис Зинов екі мәрте (парашаңғы, 10 шақырым, 1 400 метр спринт) күміс, Роман Құрбанов екі мәрте (парашаңғы, 10 шақырым, 1 400 метр спринт), биатлоншы Арина Крюкова қола медаль алды.