Перцух «Шахтер» сапына ауысты

Перцух «Шахтер» сапына ауысты

Қарағандылықтар құрамын күшейтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

28 жастағы Юрий Перцух өткен маусымды «Елимай» сапында өткізіп, барлық турнирлерде 22 матч өткізіп, екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

Перцух бұған дейін «Шахтер», «Астана», «Ақтөбе», «Атырау», «Ақжайық», «Қызылжар», «Бәйтерек» сынды командаларда өнер көрсеткен.

Еске салайық, өткен маусымда «Шахтер» Премьер-лигада соңғы орында қалып, Бірінші лигаға түсіп қалған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или