Универсиада-2025: Хоккейден жартылай финал жұптары анықталды
Туринде өтіп жатқан хоккейден Универсиада турнирінің ширек финалдық кездесулері өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Канада - Жапония 9:1
АҚШ – Оңтүстік Корея 12:1
Чехия – Украина 3:4 ОТ
Словакия – Қазақстан 2:1
Осылайша олар жартылай финалда кездеседі
Жартылай финалдағы жұптар:
Украина - Словакия
АҚШ - Канада
Біздің команда 5-8 орындар үшін жұбаныш турнирінде өнер көрсетеді. Ал бұл Қазақстан құрамасы үшін Универсиададағы ең нашар нәтиже. Еске салайық, Бүкіләлемдік студенттер ойындарында Қазақстан еншісінде хоккейден бір алтын (1995), төрт күміс (1993, 2013, 2015, 2017) және екі қола (2007, 2023) бар.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или