Қазақстан әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды

Қазақстан әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды

Шпагамен семсерлесуден Қазақстан жастар құрамасы Манамада (Бахрейн) өткен әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды.

Командалық жарыста Қазақстан намысын Нұржан Әбжанов, Алексей Касаткин, Ғабидин Мұстафин, Кирилл Проходов қорғады. 

Ширек финалда шпагамен қазақстандық семсерлесушілер Сауд Арабиясынан мықты болып, 45:36 есебімен жеңіске жетті. Одан кейін 1/2-де қазақстандық спортшылар Қытайды жеңді – 45:25.

Қазақстан шешуші матчты Францияға қарсы өткізіп, 44:43 есебімен жеңіске жетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или