UFC президенті Дана Уайт Ислам Махачевті ұйымның ең үздік файтері деп атады.
UFC-дің бас директоры Дана Уайт ұйымның жеңіл салмақтағы чемпионы Ислам Махачевтің UFC 311 турнирінде бразилиялық Ренато Мойканоға қарсы жеңісі туралы пікір білдірді. Турнир Лос-Анджелесте (АҚШ) өтті.
«Ислам – менің салмаққа тәуелсіз рейтингімдегі бірінші нөмір. Сендер бұған риза шығарсыңдар деп үміттенемін», – деді Уайт турнирден кейінгі баспасөз мәслихатында.
33 жастағы Ислам Махачев UFC-де 2015 жылы дебют жасаған. 2022 жылдың қазан айында ол жеңіл салмақта чемпиондық титулды жеңіп алды және содан бері оны төрт рет сәтті қорғады. Оның UFC-дегі статистикасы 16 жеңіс пен бір ғана жеңілістен тұрады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или