Қазақстандық футболшы Еркебұлан Нұрғалиев жаңа клубқа ауысты
Павлодардың «Ертіс» командасы 31 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Еркебұлан Нұрғалиевпен келісімшартқа отырғанын хабарлады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Семей футбол мектебінің түлегі. Ол кәсіби мансабын 2009 жылы «Спартак» клубының құрамында бастады. 21 жасында Павлодардың «Ертісіне» ауысып, клуб сапында Қазақстан Премьер-лигасында 8 матч өткізген.
2017 жылы «Верея» сапында Жоғарғы лигада өнер көрсетіп, Болгария чемпионатында бірінші қазақстандық атанды.
2023-2024 жылғы маусымды Елімай сапында өткізіп, 18 гол соғып, 10 нәтижелі пас берді. Ол маусымның «Үздік ойыншысы» және «Үздік жартылай қорғаушысы» атанды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или