«Елімай» Түркияда өткен оқу-жаттығу жиынында тең ойын өткізді
Семейдің «Елімай» командасы Түркияның Антальясында оқу-жаттығу жиыны барысында өзбекстандық «Пахтакор» клубымен бақылау матчын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан Премьер-Лигасының алтыншы орындағы командасы есепте алға шыққанымен, Өзбекстанның көп мәрте чемпионына қарсы жеңісті сақтап қала алмады. «Елімай» сапынан голды Фейсал Мулич соқты. Ол қорғаушылардан сытылып шығып, «Пахтакор» қақпашысын қапы қалдырып, допты торға дәл бағыттады.
Матч нәтижесі — 1:1.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или