Қазақстандық клуб қатысқан турнирде жаппай төбелес болды.

Қазақстандық клуб қатысқан турнирде жаппай төбелес болды.


Жастар хоккей лигасының тұрақты чемпионатының матчында жаппай төбелес орын алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Реактор» командасының хоккейшілері Қазанның «Ирбис» командасынан ойсырай жеңілгендерін (8:0, кезеңдер: 2:0, 4:0, 2:0) жаппай төбелеспен жасыруға тырысты. Ойын барысында ашуға берілген «Реактор» ойыншылары матч соңында эмоцияға ерік беріп, алаңда төбелес бастады.

Айта кетейік, Жастар хоккей лигасында елордалық «Снежные Барсы» командасы да бақ сынайды. Олар қазіргі таңда Шығыс конференциясының Күміс дивизионында 26 ұпаймен жетінші орында тұр.



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или