Абай Жалал OCTAGON 69 турнирінде нокаутпен жеңіске жетті

Абай Жалал OCTAGON 69 турнирінде нокаутпен жеңіске жетті

Алматыдағы OCTAGON 69 турнирінде бастапқы кардтың соңғы жекпе-жегі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жеңіліп көрмеген қазақстандық Абай Жалал (6-0) ирандық Махяр Рафиямен (6-3) кездесті.

Жекпе-жектің екі раундында өте тартысты өтті, ал үшінші кезеңде Жалал ирандық спортшыдан басым түсіп, жеңіске жетті.

Еске сала кетейік, OCTAGON 69 турнирінің басты текетіресінде жеңіл салмақтағы тағы бір чемпиондық жекпе-жек өтеді. Бұл кездесуде жеңіліп көрмеген чемпион Руслан Қасымалы уулу (9-0) белбеуін қорғау үшін бұрын қазақстандық Сергей Морозовтың қарсыласы болған ресейлік Баир Штепинмен (12-6) кім мықтыны анықтайды.

Турнирдің басты оқиғаларының бірі әйелдер арасындағы жеңіл салмақта өтетін титулдық жекпе-жек болмақ. Онда қазақстандық спортшы Антонина Котляревская (5-1) бос тұрған чемпиондық белбеу үшін грузиялық Мариям Торчинавамен (9-3) күш сынасады.

OCTAGON 69 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или