OCTAGON 69 турнирінде қазақстандық файтер жеңіске жетті
Алматыдағы OCTAGON 69 турнирінде кештің төртінші жекпе-жегі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Аса жеңіл салмақта өзбекстандық Ёдгор Туроев (1-1) қазақстандық Нематулла Даутпен (2-1-1) күш сынасты.
Кештің кезекті жекпе-жегі толық қашықтықта өтпеді, бірінші раундтың ортасында Нематулла толық басымдыққа ие болып, техкалық нокаутпен жеңіске жетті.
Еске сала кетейік, OCTAGON 69 турнирінің басты текетіресінде жеңіл салмақтағы тағы бір чемпиондық жекпе-жек өтеді. Бұл кездесуде жеңіліп көрмеген чемпион Руслан Қасымалы уулу (9-0) белбеуін қорғау үшін бұрын қазақстандық Сергей Морозовтың қарсыласы болған ресейлік Баир Штепинмен (12-6) кім мықтыны анықтайды.
Турнирдің басты оқиғаларының бірі әйелдер арасындағы жеңіл салмақта өтетін титулдық жекпе-жек болмақ. Онда қазақстандық спортшы Антонина Котляревская (5-1) бос тұрған чемпиондық белбеу үшін грузиялық Мариям Торчинавамен (9-3) күш сынасады.
OCTAGON 69 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink
OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы
Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі