OCTAGON 69: әйелдер арасындағы алғашқы жекпе-жек аяқталды

OCTAGON 69: әйелдер арасындағы алғашқы жекпе-жек аяқталды

Алматыдағы OCTAGON 69 турнирінде әйелдер арасында алғашқы жекпе-жек өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Минималды салмақ дәрежесінде жеңіліп көрмеген Әзірбайжан спортшысы Зумруд Гулиева (2-0) сегізбұрышта қазақстандық Русалина Муликовамен (0-1) кездесті.

Бұл жекпе-жек те толық қашықтықта өтпеді, бірінші раундта өзбекстандық файтер қарсыласын қылқындыру әдісімен жеңді.

Еске сала кетейік, OCTAGON 69 турнирінің басты текетіресінде жеңіл салмақтағы тағы бір чемпиондық жекпе-жек өтеді. Бұл кездесуде жеңіліп көрмеген чемпион Руслан Қасымалы уулу (9-0) белбеуін қорғау үшін бұрын қазақстандық Сергей Морозовтың қарсыласы болған ресейлік Баир Штепинмен (12-6) кім мықтыны анықтайды.

Турнирдің басты оқиғаларының бірі әйелдер арасындағы жеңіл салмақта өтетін титулдық жекпе-жек болмақ. Онда қазақстандық спортшы Антонина Котляревская (5-1) бос тұрған чемпиондық белбеу үшін грузиялық Мариям Торчинавамен (9-3) күш сынасады.

OCTAGON 69 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или