«Ювентус» ПСЖ-ға өте ашулы

«Ювентус» ПСЖ-ға өте ашулы

«Ювентус» Рандаль Коло-Муаниді ПСЖ-дан жалға ала алмауы мүмкін, соған қатты ашуланып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz

Себебі ПСЖ негізгі командадағы көп футболшыны жалға беріп қойған. ФИФА-да белгіленген шектеу бар. Енді париждіктер жалға берілген алты футболшысының біреуін қайтаруы керек немесе толыққанды сатып жіберуі қажет.

Қазіргі уақытта «Пари Сен-Жерменнің» жалда жүрген ойыншылары: Хави Симонс («РБ Лейпциг»), Карлос Солер («Вест Хэм»), Норди Мукиеле («Байер»), Ренату Саншеш («Бенфика»), Хуан Бернат («Вильярреал») және Шер Ндур («Бешікташ»).

L’Equipe ақпараты бойынша, париждіктер бұл ақпаратты «Ювентуске» уақытында жеткізбеген екен, өздері де білмей қалған сияқты.

«Ювентустың» спорт директоры Кристиано Джунтоли болса, Паскуале Сенсибиленің жұмысына ашулы екені айтты. «Юве» ПСЖ-ны «дилетанттар» деп атады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или