Неймар Мбаппе туралы пікір білдірді
Бразилиялық футболшы Неймар ПСЖ-дағы бұрынғы әріптесі, «Реал Мадрид» шабуылшысы Килиан Мбаппемен париждік команда сапында ойнап жүргенде жанжалдасқаны туралы айтып берді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Мбаппе мені ашуландырған жоқ! Месси келгенде, менің ойымша, ол қызғана бастады... Арамызда келіспеушіліктер болды, біраз ұрысып қалдық.
Басында ол маңызды адам болды, мен оны «Алтын бала» деп атайтынмын, онымен сөйлесетінмін, ойнайтынмын, ол үздіктердің бірі болатынын айтатынмын, әрқашан көмектесетінмін.
Лео келгенде, ол сәл қызғанып қалды. Ол мені ешкіммен бөліскісі келмеді! (күледі) Сөйтіп, ұрыстар, мінез-құлықтағы өзгерістер басталды», - деді футболшы.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или