Қазақстан Туриндегі Универсиадада үшінші алтын медаль иеленді

Қазақстандық биатлоншы Никита Акимов Италияның Турин қаласында өтіп жатқан Универсиадада алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ол ерлер арасында 10 шақырымға спринтте жеңімпаз атанды.
Екінші орынды швециялық Кнут Векстрем иеленді. Үздік үштікті украиналық Богдан Борковский түйіндеді.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы қоржынында үш алтын медаль бар. Бұған дейін универсиадада могулшы Анастасия Городко екі рет алтын медаль жеңіп алған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или