Қазақстан әлем кубогы кезеңінде қола медаль жеңіп алды

Қазақстан әлем кубогы кезеңінде қола медаль жеңіп алды

Шпагамен семсерлесуден Қазақстан құрамасының спортшысы Ғабидин Мұстафин Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

1/16 финалда қазақстандық спортшы ресейлік Глеб Колобниковтан мықты болды - 15:12. Одан кейін Халис Елиболды (Түркия) ұтты – 15:12.

Ғабидин ширек финалда Георгий Хамицаевты (Ресей) – 15:14 есебімен ұтты.

Жартылай финалда Мұстафин Никита Гориннен (Ресей) 12:15 есебімен жеңіліп, үшінші орынға табан тіреді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или