Махачевке жаңа қарсылас табылды. Оны Дана Уайт хабарлады
Бразилиялық файтер Ренато Мойкано Арман Царукянды ауыстырып, ресейлік Ислам Махачевпен күш сынасады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл жайында UFC президенті Дана Уайт айтты. Жекпе-жек UFC 311 турнирі аясында өтеді. Бұған дейін Царукян жарақат алғаны хабарланған еді.
Махачев бүгінге дейін ММА-де 27 кездесуге қатысып, 26-сында жеңіп, бір мәрте ғана жеңілген. Ал Мойкано 20 рет жеңіп, бес рет жеңіліп, бір мәрте тең түскен.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или