Сандуғаш Кенжебаева екінші рет қатарынан Түркиядағы турнирдің финалына шықты
Қазақстандық теннисші, 19 жастағы Сандуғаш Кенжебаева жұптық сында Анталия 2 (Түркия) ITF W15 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Кенжебаева бір апта бұрын түркиялық Илай Йорикпен бірге осы жарыста жеңімпаз атанған еді.
Бұл жолы чехиялық Элиска Тихачковамен жұптасқан Сандуғаш финалға барар жолда үш кездесуін сәтті өткізді. Соның ішінде ширек финалда жарыстың 1-ракеткалары, швейцариялық Мари Меттро – болгариялық Изабелла Шиникованы 7:6 (7:4), 1:6, 10:3 есебімен тізе бүктірді.
Кенжебаева – Э.Тихачкова жартылай финалда қытайлықтар Уайжинг Цао – Ле Вай Люды жеңді – 6:2, 6:3.
Тағы бір қазақстандық Асылжан Арыстанбекова ресейлік Дарья Шадчневамен бірге жартылай финалда германиялық Жоэль Лилли-Софи Стойр – бельгиялық Амели Ван Импеге жол берді – 7:5, 3:6, 9:11.
Дәл осы жұппен Сандуғаш Кенжебаева мен Элиска Тихачкова чемпиондыққа таласады.