«Тобыл» Венгрияның екінші дивизионында ойнайтын клубпен тең түсті
Костанайдың «Тобылы» Түркияның Анталия қаласында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынында Венгрияның екінші дивизионында өнер көрсететін «Вашаш» командасымен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матч тең есеппен аяқталды - 2:2. Команда сапындағы екі голды Жаслан Жұмашев соқты.
«Тобылдың» бастапқы құрамы мынадай болды: Бусурманов, Габараев, Божко, Пап-Альюн, Бақытжанов, Мосиашвили, Үсенов, Зуев, Бурибаев, Чесноков, Сигневич.
Естеріңізге сала кетейік, өткен маусымда Қазақстан Премьер-лигасында «Тобыл» бесінші орын иеленген болатын. Ал «Вашаш» Венгрияның екінші дивизионында өнер көрсетіп, қазіргі уақытта турнирлік кестеде төртінші орында тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или