Қазақстандық футболшының әйелі отбасымен бірге жол апатына түскенін айтты

Қазақстандық футболшының әйелі отбасымен бірге жол апатына түскенін айтты

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан отбасымен бірге жол апатына түсті. Бұл туралы әлеуметтік желіде футболшының жұбайы Еркежан Талғатбекова жазды, деп хабарлайды Nur.kz.

Еркежан Талғатбекованың сөзінше, оқиға 15 қаңтардан 16-сына қараған түні болған.

«15-інен 16-сына қараған түні біз отбасымызбен жол апатына түстік, ғажаптың күшімен аман қалдық. Бұл ғажайып Жаратушының мейірімі деп білемін. Отбасымызға көз тиді ме, сөз тиді ме білмеймін. Дегенмен бір өлім аузынан аман қалдық. Бұны да бір сынақ деп қабылдадым», - деп жазды футболшының жұбайы Instagram-дағы парақшасында.

Сондай-ақ ол сторис бөлімінде оқиға болған сәтте түсірілген видеоны да жариялады. 


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или