«Ордабасының» шабуылшысы Чехия клубына ауысты

«Ордабасының» шабуылшысы Чехия клубына ауысты

«Ордабасы» және Украина құрамасының бұрынғы шабуылшысы Артем Беседин Чехияның «Лишень» клубымен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Prosports.kz.

TaToTake мәліметінше, 28 жастағы украиналық футболшының жаңа командасымен келісімшарты жарты жылға жасалған, бірақ оны тағы екі маусымға ұзарту мүмкіндігі бар.

«Лишень» Чехияның екінші деңгейлі дивизионында өнер көрсетеді. Маусымның бірінші бөлігінен кейін клуб турнир кестесінде тоғызыншы орында тұр.

Артем Бесединнің кейінгі командасы шымкенттік «Ордабасы» болды, ол бұл клубтан 2024 жылдың қарашасында кеткен.

Артем Беседин Украина құрамасында 19 матч өткізіп, екі гол соққан. Ол ұлттық құрама жейдесін соңғы рет 2020 жылғы Еуропа чемпионатында Швецияға қарсы матчта киген. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или