Қазақстан құрамасының ӘЧ-2026 іріктеуіндегі қарсыласы бас бапкерсіз қалды

Қазақстан құрамасының ӘЧ-2026 іріктеуіндегі қарсыласы бас бапкерсіз қалды

футбол Бельгия құрамасының баспасөз қызметі неміс маманы Доменико Тедесконың бас бапкер қызметінен кеткенін хабарлады, деп жазады Prosports.kz.

Тедеско Бельгия құрамасымен 2023 жылдың ақпан айынан бері жұмыс істеді. Домениконың басшылығымен бельгиялық команда барлық турнирде 24 матч өткізіп, 12 жеңіске жеткен.

2024/25 жылғы Ұлттар лигасында Бельгия құрамасы алты матч өткізіп, тек бір рет жеңіске жетіп, төрт рет жеңілген.

Тедеско бапкерлік мансабында Мәскеудің «Спартак» командасында, «РБ Лейпциг», «Шальке» және басқа да клубтарда жұмыс істеген.

Айта кетейік, Бельгия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Қазақстанмен бір топта сынға түседі. Топта сондай-ақ Уэльс, Солтүстік Македония және Лихтенштейн құрамалары ойнайды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или