Волейбол: «Ақтөбе» командасы «Алматыны» жеңді
Петропавл қаласында волейболдан әйелдердің ұлттық лига командалары арасында Қазақстан чемпионаты үшінші турының ойындары өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Kazinform.kz сайтына сілтеме жасап.
Жұма күні алаңға алғашқы болып «Алматы» мен «Ақтөбе» командалары шықты.
Осыған дейін қос клуб 18 ұпайдан жинап, турнир кестесінде 6-7-орындарда тұрған еді. Бұл жолы камбэк жасаған ақтөбеліктер 3:1 (24:26, 25:12, 25:9, 25:17) есебімен жеңіске жетіп, 21 ұпаймен 6-сатыға көтерілді.
Өткен жылғы ел чемпионы «Тұран» (Түркістан) «Ару-Астананы» 3:0 (25:15, 25:20, 25:13) есебімен қиындықсыз жеңді.
Түркістандықтар 37 ұпаймен үздік төрттікті түйіндеп тұр.
Көш соңындағы Павлодардың «Ертісін» 3:0 (25:21, 25:18, 25:15) есебімен тізе бүктірген «Қарағанды» 36 ұпай жинап, 5-сатыға тұрақтады.