Шаңғымен тұғырдан секіруден Польшада өтетін Әлем кубогына төрт қазақстандық қатысады
17 қаңтар күні Закопане (Польша) қаласында шаңғымен тұғырдан секіруден Әлем кубогы кезеңі басталады, деп хабарлайды Prosports.kz.
ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің мәліметінше, Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы бұл жарысқа төрт спортшыны қатыстырмақ. Әлем кубогында Илья Мизерных, Данил Васильев, Сабыржан Муминов және Святослав Назаренко өнер көрсетеді.
17 қаңтар күні іріктеу кезеңі өтеді. Бұл кезеңге барлығы 57 спортшы қатысады.
Дереккөз: olympic.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или