Үстел теннисі. Алан Құрманғалиев WTT Youth Contender турнирінің ширек финалында жеңіліс тапты
Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының спортшысы Алан Құрманғалиев Тунисте өтіп жатқан WTT Youth Contender турнирінің жартылай финалына өте алмады.
1/8 финалда қазақстандық спортшы поляк Артур Громекті 3:0 есебімен жеңген болатын.
Алайда ширек финалда франциялық Томас Лароштан 0:3 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша, Алан жекелей сайыстағы өнерін ширек финалда аяқтады.
Айта кетейік, қазақстандық спортшы 19 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен жарыстарға қатысты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или