Australian Open турнирі: Әмір Омарханов пен Заңғар Нұрланұлының қарсыластары анықталды
Жасөспірімдер арасында Аустралия ашық чемпионатының жеребесі тартылды.
Жасөспірімдер арасында әлемнің 4-ракеткасы Әмір Омарханов ертең америкалық Матисс Фарзаммен (45 ITF) ойнайды.
Жасөспірімдер арасында ITF рейтингісінде 39-сатыдағы Заңғар Нұрланұлының алғашқы қарсыласы – аустралиялық Николас Бейкер (306 ITF).
Ә.Омарханов өткен жылы Аустралия біріншілігінде жекелей сында ширек финалға жеткен болатын. Ал З.Нұрланұлы «Үлкен дулыға» турнирінде алғаш рет бақ сынамақшы.
Жасөспірімдер арасындағы жарыс 18-25 қаңтар аралығында өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или