Әлем үздігі Янник Синнер Джоковичтің Australian Open турниріндегі жетістігін қайталады
Әлемнің бірінші ракеткасы Янник Синнер «Үлкен дулыға» турнирінің 24 дүркін жеңімпазы Новак Джоковичтің жетістігін қайталады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бейсенбі күні итальяндық теннисші Australian Open жарысының екінші раундында австралиялық Тристан Сколкейтті (6:4, 6:1, 6:3) ұтып, серб теннисшісінен кейін Австралияның ашық біріншілігінде қатарынан тоғыз матчта жеңімпаз атанған ең жас теннисші атанды. Новак 2008–2009 жылдары осындай жетістікке қол жеткізді.
Синнер Australian Open турнирінің қазіргі чемпионы. Үшінші кезеңде әлем рейтингінің көшбасшысы америкалық Маркос Жиронға қарсы ойнайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или