А Сериясы матчтарына келушілер саны бойынша көшбасшы анықталды
«Милан» осы маусымда А Сериясының матчтарына келушілер саны бойынша көш бастап тұр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Calcio e Finanza рейтингіне сәйкес, «Миланның» 2024/25 маусымында өз алаңында өткізген матчтарына орта есеппен 71 572 көрермен келген. Екінші орында «Интер» (71 378 көрермен), ал үшінші орында «Рома» (62 038 көрермен) тұр. Топ-5 қатарына «Наполи» мен «Лацио» енді.
«Ювентус» өз алаңындағы матчтарға келушілер саны бойынша 6-орында (40 596 көрермен), ал «Аталанта» 12-орында (22 780 көрермен) келеді.
Осы маусымда стадионның толуы бойынша көш басында - «Кальяри» – 97,9 пайыз. Екінші орында «Ювентус» (97,8 пайыз), үздік үштікті «Комо» (97,6 пайыз) түйіндеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или