Рыбакина Горан Иванишевичпен жұмысы туралы пікір білдірді

Рыбакина Горан Иванишевичпен жұмысы туралы пікір білдірді

Әлемнің жетінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина хорватиялық маман Горан Иванишевичпен жұмысы туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ол көңілді жігіт. Бұрын біз бір-бірімізді жақсы танымайтынбыз, бір-бірімізге үйрену үшін уақыт керек болды. Қазір біз маусымаралық кезеңде жақсы жұмыс істедік деп ойлаймын. Онымен бірнеше титулды жеңіп алу мүмкіндгін асыға күтемін», — деді Рыбакина матчтан кейінгі сұхбатында.

Australian Open — 2025 турнирінің екінші айналымында Рыбакина америкалық Ива Йовичті 6:0, 6:3 есебімен жеңді. Келесі айналымда ол украиналық Даяна Ястремскаямен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или