«Челси» осы қаңтарда екі қорғаушысын сатуға дайын
«Челси» бас бапкері Энцо Мареска қорғаушылар Тосин Адарабиойо мен Аксель Дисасиді осы қаңтарда сатуға келісімін берді, деп хабарлайды Prosports.kz.
TEAMtalk мәліметінше, италиялық маман бұл футболшылардың оның жүйесіне сәйкес келмейді деп санайды. «Челси» Адарабиойо мен Дисасиді сатуға дайындалып жатқандықтан, Трево Чалобаның жалдан мерзімінен бұрын қайтарып алғаны атап өтілген.
Осы маусымда Адарабиойо барлық турнирде 18 матчқа қатысып, үш голмен көзге түсті. Дисаси барлық турнирде 16 матч өткізіп, екі гол соғып, екі нәтижелі пас берді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или