«Челси» «Боруссия» шабуылшысының трансфері бойынша келіссөз жүргізіп жатыр

«Челси» «Боруссия» шабуылшысының трансфері бойынша келіссөз жүргізіп жатыр

«Челси» «Боруссия» клубымен 22 жастағы сол қаптал шабуылшысы Карим Адейемидің трансфері бойынша келіссөз жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Журналист Кристиан Фальктың ақпараты бойынша, клубтар неміс футболшысының англиялық команда сапына транферін жазда өтуін талқылып жатыр. Ал осы қыста Адейемиді «Наполи» қатарына қосқысы келеді. Алайда бұл трансфердің орындалуы екіталай, себебі «Боруссия» 22 жастағы шабуылшыға жоғары баға қойған.

Осы маусымда Адейеми барлық турнирде 11 матчқа қатысып, бес гол және бес нәтижелі пас берді. Ойыншының клубпен қазіргі келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін есептелген. Transfermarkt порталы футболшыны 35 млн еуроға бағалап отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или