Қазақстандық биатлоншылар әлем кубогының кезеңінде өнер көрсетті
Германияның Рупольдинг қаласында өткен биатлоннан әлем кубогының кезеңінде 20 шақырымдық ерлердің жекелей жарысы өтті. Жарыс төрт атыс кезеңінен тұрды.
Жеңіс норвегиялық Вебьерн Серумға бұйырды. Екінші орынды француз Эмильен Клод иеленсе, латвиялық Андрей Расторгуевс үздік үштікті қорытындылады.
Қазақстан құрамасының сапында ең үздік нәтиже көрсеткен Владислав Киреев 67-орын алды. Асет Дюсенов 90-шы орынға табан тіресе, Иван Дарьин 103-ші болып мәре сызығын кесті.
16 қаңтарда әйелдер арасындағы жекелей жарыс өтеді. Басталуы – Астана уақытымен 18:10.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или