Универсиада: Қазақстан медальдар кестесінде үздік үштікте келеді

Универсиада: Қазақстан медальдар кестесінде үздік үштікте келеді

Италияның Турин қаласында өтіп жатқан қысқы универсиада ойындарында Қазақстан медальдар кестесінде үздік үштікке енді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Kazinform.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы екі алтын, үш күміс, бір қоламен екінші орынға көтерілді.

Медальдар саны жөнінен Франция құрамасы алда келеді. Франциялықтар 4 алтын, 1 күміс, 1 қола алып үлгерді.

Финляндия құрамасы 2 алтын, 2 күміспен үшінші орында тұр.

Қазақстан қоржынына қос алтынды да фристайлшы, 19 жастағы Анастасия Городко салды. Ол алдымен фристайл-могулда алдына жан салмады. Содан кейін фристайл жұптық-могулда жеңімпаз атанды.

Сондай-ақ Аяулым Әмренова мен Антон Бондарев (екеуі де фристайл жұптық-могул) және Денис Зинов (парашаңғы, 10 км) күміс, Роман Құрбанов (парашаңғы, 10 км) қола медальға қол жеткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или