Жеңіліп көрмеген қазақстандық актер октагонға оралады

Жеңіліп көрмеген қазақстандық актер октагонға оралады

Алматыда 18 қаңтар күні OCTAGON 69 турнирінде танымал актер әрі блогер Арнұр Қабдолдаев (4-0-1) октагонға оралады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарақатынан айыққан қазақстандықтың алғашқы жекпе-жегіндегі қарсыласы бірінші раундта мерзімінен бұрын жеңіске жеткен ирандық Хамидреза Таебиния (4-3) болады.

OCTAGON 69 турнирінің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақ дәрежесінде титулдық жекпе-жек өтеді, онда жеңіліп көрмеген қырғызстандық Руслан Қасымалы уулу (9-0) ресейлік Баир Штепинмен (11-6) кездееді.

Негізгі жекпе-жекте жеңіл салмақта қазақстандық спортшы Антонина Котляревская (5-1) мен грузиялық файтер Марьям Торчинева (9-3) арасындағы әйелдер арасындағы чемпиондық жекпе-жек өтеді.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі


OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы


OCTAGON 69 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или