Неймар MLS клубымен келіссөз жүргізіп жатыр
«Аль-Хиляль» клубының вингері Неймар мансабын Американың Major League Soccer лигасында жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Foot Mercato-ға сілтеме жасап.
Дереккөздің хабарлауынша, бразилиялық ойыншы «Чикаго Файрмен» келіссөздер жүргізіп жатыр. Клуб оған екі жылдық келісімшарт ұсынуға дайын.
Айта кетейік, бұған дейін БАҚ Неймардың «Интер Майамиге» ауысуы мүмкін екенін хабарлаған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или