Черчесов Қазақстан құрамасын баптай береді

Черчесов Қазақстан құрамасын баптай береді

Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) Станислав Черчесовты ұлттық құраманың бас бапкері қызметінде қалдыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz

Ол командамен 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аяқталғанға дейін жұмыс істейді деп жоспарлануда.

Черчесов Қазақстан құрамасына бапкерлік қызметке 2024 жылдың маусым айында келді.

Оның басшылығымен команда Ұлттар лигасында алты матч өткізіп, бір тең нәтиже көрсетті. Сондай-ақ бес ойында жеңіліс тапса, бірде-бір гол соқпай, 15 гол жіберіп алды.

Осы нәтижелерге қарамастан, ҚФФ Черчесовқа сенім білдіріп, 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу матчтарының қарсаңында командамен жұмысын жалғастыруға мүмкіндік берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или