Универсиада: Анастасия Городко мен Аяулым Әмренова финалда кездесті

Универсиада: Анастасия Городко мен Аяулым Әмренова финалда кездесті

Италияның Турин қаласында өтіп жатқан қысқы Универсиада ойындарында қос спортшымыз Анастасия Городко мен Аяулым Әмренова Фристайл-могулдан финалға жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екеуі жартылай финалда жапониялық спортшылардан басым түскен еді.

Финал нәтижесі бойынша Анастасия Городко Универсиададағы екінші алтынын алды. Ал Аяулым Әмренова күміс жүлдегер атанды.

Осылайша Қазақстан қоржыны 2 медальмен толықты. Қазір Қазақстан қоржынында 2 алтын, 2 күміс, 1 қола бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или