УЕФА ПСЖ-ны өз турнирлерінен шеттетпейді

УЕФА ПСЖ-ны өз турнирлерінен шеттетпейді

УЕФА франциялық «ПСЖ-ның» мадридтік «Реал» шабуылшысы Килиан Мбаппеге қарызы бойынша істі қарастыруды жоспарлап отырған жоқ, себебі барлық қажетті құжатты алмады. Бұл туралы L'Equipe басылымы жазды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Еске сала кетейік, бұған дейін париждік клуб УЕФА тарапынан санкцияларға ұшырауы мүмкін деген ақпарат тараған болатын. Бұл «Клубтарды лицензиялау және қаржылық тұрақтылық туралы» регламенттің бұзылу мүмкіндігіне байланысты. Аталған ережеге сәйкес, еурокубокқа қатысатын клубтарда 15 шілде, 15 қазан және 15 қаңтардағы жағдай бойынша қызметкерлер алдында 30 маусым, 30 қыркүйек және 31 желтоқсаннан кешіктірмей төленуі тиіс төлемдер бойынша қарыз болмауы қажет.

Мбаппе өткен жылдың жазынан бері «Реал» сапында өнер көрсетіп келеді. Биылғы маусымда 26 жастағы шабуылшы барлық турнирде 27 матч өткізіп, 14 гол соғып, үш нәтижелі пас берген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или