Қазақстан құрамасының ойыншысы еуропалық лигаға ауысты
Қазақстандық жас футболшы Ғалымжан Кенжебек словакиялық «Кошице» ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Екі тарап арасындағы келісімшарт 2027 жылға дейін жасалды.
«Кошице» Словакия чемпионатының 18-турынан кейін 20 ұпай еншілеп, жетінші орында келе жатыр. Келесі матчын 2 ақпанда «Жилинаға» қарсы өткізеді.
Кенжебектің соңғы клубы кипрлік «Акритас» болған. Ол жақтағы 13 ойында төрт гол соғып, бір нәтижелі пас берді.
Айта кетейік, Ғалымжан - алматылық «Қайрат» түлегі. Елімізде «Мақтарал», «Жеңіс» командаларында ойнаған. Сонымен қатар, ол Қазақстан ұлттық құрамасы сапында бір матч өткізді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или