Үндістандық клуб ҚПЛ командасының ойыншысынан бас тартты

Үндістандық клуб ҚПЛ командасының ойыншысынан бас тартты

Үндістандық Калькутта қаласының «Мохаммедан» клубы «Тұран» шабуылшысы Артём Архиповке қызығушылық танытты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Legalbet.kz мәліметінше, Үндістан командасы Архиповтің орнына 30 жастағы австриялық Марк-Андре Шмербёкті қатарына қоспақ.

28 жастағы Архипов «Тұранға» 2024 жылдың наурызында қосылған. 2024 жылғы маусымда қазақстандық клуб сапында шабуылшы 21 матч өткізіп, бір гол соққан.

«Мохаммедан» клубының бас бапкері – ресейлік Андрей Чернышов, ол 2010-2011 жылдары Қазақстанның «Ақжайық» командасында жұмыс істеген.

Transfermarkt мәліметтері бойынша, Архиповтың трансферлік құны - 200 мың еуро.

Қазіргі маусымда «Мохаммедан» Үндістан чемпионатының турнир кестесінде соңғы жақтарда келе жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или