Қазақстан құрамасының экс-ойыншысы «Астанаға» оралуы мүмкін

Қазақстан құрамасының экс-ойыншысы «Астанаға» оралуы мүмкін

Қазақстандық қорғаушы Дмитрий Шомко «Астана» ойыншысы атануы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Футболшы «Елімаймен» келісімшарты аяқталғаннан кейін еркін агент атанды және «Астанадан» ұсыныс алған. Шомко клубпен бірге БАӘ-дегі оқу-жаттығу жиынына қатысады деп күтіліп отыр.

34 жастағы қорғаушы 2014 жылдан 2020 жылға дейін «Астана» сапында ойнаған. Осы уақыт ішінде ол Қазақстанның алты дүркін чемпионы атанып, бір рет ел Кубогын және бес рет Суперкубокты жеңіп алды. Сондай-ақ, Шомко астаналық клубпен бірге УЕФА Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының топтық кезеңдерінде ойнаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или