«Райо Вальеканодан» трансферлік бан алынды
«Райо Вальекано» клубынан трансферлік бан алынды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұған дейін Ла Лигаданың екі клубы – «Райо Вальекано» және «Мальоркаға» ФИФА тарапынан 2026 жылға дейін үш трансфер кезеңінде жаңа ойыншыларды тіркеуге тыйым салған болатын.
Relevo мәліметінше, «Райо Вальекано» ФИФА-мен «түсініспеушілікті» шешкеннен кейін, клубтан трансферлік трансферлік бан алынған. Халықаралық футбол федерациясы 24 сағат ішінде тыйым салынуды алып тастаған.
Басында «Райо» Пате Сисса үшін төленуі тиіс ортақ төлемдер бойынша компенсацияны төлемегені үшін тыйым салынғаны айтылған. Алайда бұл мәселе тез арада шешілді.
«Мальорка» да жақын күндері банды алып тастаймыз деп үміттенеді. Клуб санкцияларға әкелген мәселені анықтап, ол шешілгеннен кейін, «Мальорка» ФИФА-мен байланысып, трансферлік банды дереу алып тастауға тырысады.