Париждегі олимпида жүлдегерлері медальдарын кері қайтарды
Париждегі олимпиада ойындарына қатысқан спортшылар медальдарын кері қайтарып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Orda.kz сайтына сілтеме жасап.
Ля Леттре мәліметінше, портшылар медальдардың бүліне бастағанына шағымданды. Мұндай мәселе әсіресе қола жүлделерде қатты байқалады екен. Медаль бойынша ең алғашқы болып американдық скейтбордшы мен француздық жүзуші шағым түсірген. Олар медальдарды тот басып, кетік пайда болғанын байқаған.
Қазіргі таңда медальдың сапасына наразы жүзден аса спортшы шағым түсірді. Осыған байланысты Париж монета сарайының өндіріс және сапа бойынша 3 басшысы қызметінен босатылды. Алдын ала мәлімет бойынша, медальдерге лак жалату кезінде қажетті талаптар сақталмаған екен.
Ал шағым түсірген спортшылардың жүлделері басқасына алмастырылатын болды.