ҚПЛ клубы «Атыраудың» бұрынғы бапкерімен келіссөз жүргізіп жатыр
Беларусьтік жаттықтырушы Виталий Жуковский «Туранның» бас бапкері атануы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.
Соңғы үш жыл бойы маман «Атырау» клубында жұмыс істеген. Оның жетекшілігімен «мұнайшылар» Қазақстан Кубогы-2024 финалына шықты.
Өз елінде Жуковский «Ислочь» клубын облыстық чемпионаттан жоғары дивизионға шығарып, Беларусьтің ең жас бас бапкері атанған. 2021 жылы БАТЭ клубын жаттықтырып, чемпионаттың «күміс» жүлдесін және ел кубогын жеңіп алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или