19 жастағы қазақстандық чемпион карьерасын аяқтады

19 жастағы қазақстандық чемпион карьерасын аяқтады

Қазақстандық гимнаст Елжан Тәниева спорттық карьерасын аяқтағанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Елжан Тәниева 19 жасында мансабымен қоштасты. Гимнаст бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

«Бүгін мен көркем гимнастикадағы кәсіби мансабыммен қоштасамын. Бұл спорт мен үшін өмірімнің бір бөлігі болды», - деді спортшы.

Спортшы бұл шешімнің себебін түсіндірмеді. Ол жанкүйерлері мен жаттықтырушыларына алғыс айтты. 

Тайландта өткен көркем гимнастикадан Азия чемпионатында Елжан Тәниева лентамен жаттығу көрсетуде үздік шығып, алтын медаль жеңіп алды. Сондай-ақ ол ұршықпен жаттығудың финалында күміс жүлдегер атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или