«Манчестер Сити» өзбек футболшысын құрамына қоспайтын болды
Англияның «Манчестер Сити» клубы француздық «Ланс» командасының өзбекстандық қорғаушысы Абдукодир Хусановты сатып алу жоспарынан бас тартты.
Клуб жас футболшыны 50 миллион еуроға алуды көздегені туралы ақпарат өткен аптада БАҚ беттерінде тараған еді.
Алайда, инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, «Манчестер Сити» Хусановтың орнына 19 жастағы бразилиялық қорғаушы Витор Рейсті сатып алмақ. Ол қазіргі таңда Бразилияның «Палмейрас» клубында ойнайды.
Витор Рейс жақын арада медициналық тексеруден өтіп, ағылшын клубымен келісімшартқа қол қояды деп күтілуде. Биылғы маусымда ол 38 матч өткізіп, 2 гол соққан. Transfermarkt порталы оның құнын 14 миллион еуро деп бағалаған.
Осылайша, «қалалықтар» Виторды 40 миллион еуроға сатып алуды жоспарлап отыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или