Хабиб Нурмагомедов рейстен түсірілді: әуекомпания билет құнын қайтарды

Хабиб Нурмагомедов рейстен түсірілді: әуекомпания билет құнын қайтарды


АҚШ-тың Frontier Airlines әуекомпаниясы бұрынғы UFC чемпионы Хабиб Нұрмағомедовке Лос-Анджелеске ұшу билеті үшін төленген қаражатты қайтарды.

Оқиға 2025 жылдың 11 қаңтарында, Лас-Вегастан Сан-Францискоға бағытталған 4401 рейсінің ұшуға дайындық кезінде орын алған. Бортсерік жолаушыларға апаттық шығу жолдары туралы стандартты нұсқау беріп, төтенше жағдайда әрекет ету мүмкіндігін тексеру үшін Нұрмағомедовтен бірнеше рет сұрақ қойған. Алайда, спортшы бұл сұрақтарға жауап бермеген. Бортсерік мұны қауіпсіздік талаптарына қайшы жағдай деп бағалап, мәселені шешудің екі нұсқасын ұсынды:

  1. Басқа орынға ауысу.
  2. Ұшақтан түсу.

Нұрмағомедов бұл жағдайдан кейін рейстен түсірілді. Frontier Airlines шешімнің спортшының этникалық тегіне еш қатысы жоқ екенін ресми түрде мәлімдеді және оның билет құнын қайтарып берген.

Бұған дейін Хабиб Нұрмағомедовтің бортсерікпен келіспеушілікке байланысты рейстен шығарылғаны туралы ақпарат тараған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или